Қызылордада полицейлер түнде əйелді өрттен құтқарды

Sputnik
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Қызылордада полицейлер түнгі уақытта əйелді өрттен құтқарды, деп хабарлайды polisia.kz.
22 сәуір сағат түнгі 02:30 шамасында Қызылорда қаласында орналасқан жеке үйлердің бірінен өрт шыққан. Хабарлама бойынша оқиға орнына жеткен полицейлер үйдің екінші қабатынан баспалдақ арқылы 49 жастағы әйелді шығарып алған.
Оған сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір оның жағдайы жақсы.
Алдағы уақытта полицейлер Жаңабек Жомартұлы, Нұрлыбек Жаңабекұлы, Болатбек Арыстанбекұлы және Азамат Ермекұлы марапатқа ұсынылады.
Өскемен тұрғыны көршісінің үш баласын өрттен аман алып шықты