Қызылорда облысында картон өндіретін цехтан өрт шықты

Sputnik
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Қызылорда облысының Жалағаш ауданында картон өндіретін "Береке" цехы толығымен жанып кетті.
"Кеше кешке облыстың Жалағаш ауданы Жалағаш ауылында "Адима" жеке кәсіпкерлігіне тиесілі "Береке" цехы толығымен өртенді. Бұл жалпы ауданы 240 шаршы метрді құрайтын картон өндірісі және оған қоса 3 станок", - деп хабарлады Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Цехта тез тұтанатын материалдар болғандықтан өрт лезде таралып кетті. Зардап шеккендер жоқ.
"Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 9 қызметкері, үш техникасы, аудандық полиция бөлімінің үш қызметкері тиісті жұмыстар жүргізді", - деп хабарлады құтқарушылар.
Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.