"Болашақ" гранттарының 60% енді техника және медицина саласына беріледі

Sputnik
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. "Болашақ" стипендиясы гранттарының 60% енді инженерлік бағытқа және техника, медицина саласына беріледі. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Енді еліміздегі оқу саласындағы бағдарламаларды жұмыс берушілермен ұштастырамыз. Келіп түскен тапсырыс көлемі негізінде грант бөлініп, қажетті сала бойынша студент білім алып, кейін сол бағыт бойынша қызмет етуге міндеттеледі", - деді Саясат Нұрбек.
Сонымен қатар министр Қазақстанның жоғары білім саласын жаңа технологиялармен толықтырып, жастарға жаңа білім беру жолында түрлі мүмкіндіктерді ұсыну аса қажет екенін сөз етті.
Оныңайтуынша, бизнесті ғылымға тарту жоспарланып отыр. Өнеркәсіп, бизне сөз кәсібін инновация саласына бағыттаса, оларға150 пайыз жеңілдік қарастырылған.
"Болашақ" бағдарламасы аясында 25 адам шетелде тағылымдамадан өтеді