Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті

Акция жыл сайын 22 сәуірде бүкіл әлемде аталып өтетін Халықаралық Жер күніне орайластырылды
Sputnik
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Экологиялық белсенділердің бастамасымен Қазақстанның оңтүстік астанасының барлық ауданында Almaty Clean & Green экологиялық акциясы өтті, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сенбілік аумақтарында ойын-сауық бағдарламасы, түрлі байқаулар, шеберлік сыныптары мен спорттық шаралар ұйымдастырылып, ағаш отырғызылды.
Almaty Clean & Green экологиялық акциясы өтті
"Қала тұрғындары бұл идеяны қолдап, ауқымды сенбілікке белсене қатысып жатыр. Көптеген отбасы қаланы қоқыстан тазартып, көшет отырғызуға келді. Акцияға қатысушылардың барлығын қалаға деген сүйіспеншілік пен Алматының бірегей табиғи жерлерін сақтауға деген ұмтылыс біріктіріп тұр", - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Белгілі актер әрі акция амбассадоры Бақыт Тұшаевтың айтуынша, сенбілік нағыз мереке секілді өтті. Ол қала тазалығы халықтың өзіне байланысты деп есептейді.
"Табиғатты аялауымыз керек, өйткені ол біздің табиғат анамыз. Табиғатты құрметтейтіндер өзін құрметтейді. Барлығымыз қаланы таза ұстауға атсалысайық!", - деді актер Бақыт Тұшаев.
Елорда тынысы
Нұр-Сұлтанда сенбілік кезінде күмәнді пакет табылды – фото