АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері зорлау қылмысы бойынша күдікті ер адамды қамауға алды.
Бұған дейін Жетісай ауданының полиция бөліміне шағымданған әйел өзінің кәмелет жасына толмаған қызына көршісі зорлық-зомбылық әрекетін жасады деп арызданды, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Бүгінгі таңда Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлігі (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл жайт Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының тікелей бақылауында", - деді Түркістан облысының полиция департаментінің тергеу басқармасының аға тергеушісі Бақтияр Тастанов.
Аталған жайт бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық жедел шараларды атқарған. Сонымен қатар бірқатар сот-сараптамасы жасалады.