Қоғам

Оқу-ағарту министрлігі балалар үшін бөлек сим-карта енгізуді ұсынды

Sputnik
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі балаларды теріс контенттен қорғау үшін бөлек сим-карта енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, бүгінде балалар үшін қауіпсіз интернет кеңсітігін құру өзектілігі артып тұр.
"Балаларға арналған сим-карталар енгізу арқылы олардың әлеуметтік желілерді ата-анасының рұқсатынсыз пайдалануына, түнгі уақытта интертнет желісіне қосылуына шектеу енгізу қажет деп санаймыз", - деді Оспан мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында.
Ол балалардың интернетті пайдаланылуына ата-ана бақылауын қолдану тәсілдері бойынша кең көлемді ақпараттық жұмыстарды жүргізу маңызды екенін атап өтті.