Кездесу барысында байланыс саласындағы "Қолжетімді интернет" пилоттық ұлттық жобасын дамыту, мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың артуына және электронды коммерцияның өсуіне байланысты дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланады.
"Қолжетімді интернет" жобасы 2023-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа 1 триллион теңгеден астам қаражы бөлу жоспарланып отыр, оның 532 миллиард теңгесі бюджет қаражаты. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де интернет мәселесі шешілуі керек.