Қоғам

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады – ауа райы болжамы

Sputnik
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге – 22-24 сәуірге ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына Қара теңіз аудандарынан ауысатын циклон әсер етеді. Ол батыстан шығысқа ығысады. Осыған байланысты жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) жауады.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде найзағай мен шаңды дауыл болжанып отыр.

Ірі қалаларда ауа райы қандай болады

АСТАНА
22 сәуірде күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 0 градус, күндіз +10 градус.
23 сәуірде күн бұлтты, кешке аздап жаңбыр жауады. Түнде +6 градус, күндіз +11 градус.
24 сәуірде күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +6 градус, күндіз +12 градус.
АЛМАТЫ
22 сәуірде күн бұлтты. Түнде +3 градус, күндіз +14 градус.
23 сәуірде күн ашық. Түнде +6 градус, күндіз +21 градус.
24 сәуірде күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +13 градус, күндіз +23 градус.
ШЫМКЕНТ
22 сәуірде күн ашық. Түнде +9 градус, күндіз +23 градус.
23 сәуірде де күн ашық. Түнде +12 градус, күндіз +26 градус.
24 сәуірде күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +16 градус, күндіз +26 градус.