Оқиға

Ақтөбеде тұрғын үйде екі бала өртеніп кетті - ересектер сыртқа шығып үлгерді

Sputnik
АЛМАТЫ, 21 сәуір - Sputnik. Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Жангелдин көшесінде жер үй өртенді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 21 сәуір сағат таңғы төрт шамасында болған. Салдарынан 4 және 10 жасар балалар өртеніп кеткен. Сондай-ақ 1954 жылы туған әйел жансақтау бөліміне түсті.
"Шақырту орнына өрт сөндірушілер барған кезде жеке үйдің ас бөлмесі және кіреберіс бөлмесі өртеніп шатырға ауысқаны анықталды. Екі баланың денесі табылды. Жалпы 40 шаршы метр аумақ өртенген. Өртті сөндіруге жеке құрамның 16 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылды", - дейді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Үйде бес адам болған, оның екеуі қашып үлгерген. Тілсіз жау бір сағатта сөндірілді, себебі анықталып жатыр.
Оқиға
"Балалар құшақтасып көз жұмған": Алматы облысында ер адам мен екі баласы өртеніп кетті