Өңірлер

Жаңаөзенде жарылыс салдарынан үйсіз қалғандарға жаңа пәтер сатып алынды

Sputnik
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Жаңаөзен қаласында газ қоспасы жарылған үйдің тұрғындарына жаңа пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының ресми сайты.
Ресми мәліметке сәйкес, баспанасыз қалған 9 отбасыға адам басына қарай екі бөлмелі 2 пәтер, үш бөлмелі 5 және бес бөлмелі 2 пәтер сатып алынды.
Айта кетері, 17 сәуірде таңғы сағат бесте Жаңаөзенде екі кіреберісті 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде газ қоспасының жарылысы болды. Өрт шыққан жоқ. Бірақ жарылыс салдарынан кіреберістің 150 шаршы метрі опырылып құлады.
Төтенше оқиға кезінде төрт адам – екі әйел, бір бала және бір ер адам қаза тапты. Үйде 12 пәтердің төртеуі жарылыс салдарынан жермен-жексен болды.
Өңірлер
Жаңаөзенде жарылыс салдарынан қаза болғандардың туыстары трагедияның себебін айтты