АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы:
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне;
"Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы" Конституциялық заңға;
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына;
"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.