Оқиға

Алматыда бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылды деген ақпарат түсті

Sputnik
АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. 20 сәуірде Алматыда бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылды деген ақпарат құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аяқтан тік тұрғызды.

"Қаланың бірнеше жедел қызметі жарылғыш зат қойылды деген мектептерге барып, түгел тексерді. Қазіргі уақытта мектептердің біразы тексеріліп бітті. Ақпарат жалған болып шықты", - дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кейбір мектептерде жарылғыш зат бар-жоғы әлі тексеріліп жатыр. Жалған ақпарат таратқан адам іздестіріліп жатыр.
Өңірлер
Түркістан облысындағы оқушы қыздың өлімі: әжесі мен анасы мән-жайды айтып берді