Қоғам

Бұл жала, менде бір шаршы метр де жер жоқ – Даниал Ахметов

Мәжілістің бұрынғы депутаты Берік Дүйсенбинов Өскемендегі мыңдаған гектар жер облыс әкіміне тиесілі екенін айтып шулатқан еді
Sputnik
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов меншігінде жер жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бұл жала. Менде бірде бір квадрат метр жер жоқ. Сол себепті мен ол кісіге ештеңе айта алмаймын. Неге десеңіз, оның депутаттық статусы бар. Бірақ та оның сөзі өте мәдениетсіз", - деп жауап берді журналистер сұрағына Ахметов үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін.
Бұған дейін жетінші шақырылымның депутаты Берік Дүйсенбинов мыңдаған гектар жері бар шенеуніктердің есімін атаған еді.
"Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, Павлодарға барсаңыз – Бақауовтікі, Астананың маңайында – Шөкеевтікі. Оны айтуға бәрі қорқып отыр", - деп мәлімдеді мәжілістің бұрынғы депутаты.
Өңірлер
Депутат министрге: Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі