Астанада жұмыс істеп жатқан мұнара кранының секциясы құлады

Sputnik
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Астанада жұмыс істеп жатқан мұнара кранының секциясы құлады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті.
"Inshaat Invest ЖШС құрылыс алаңында жүкті көтеру кезінде QTZ-63 мұнара кранының секциясы опырылып құлады. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомство.
Оқиға орнында өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қалалық департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Жергілікті атқарушы органдар өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғалардан апатты тексеру жөніндегі комиссия құрылады.
Елорда тынысы
Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады – бір адам қайтыс болды