Өңірлер

Риддер тағы да жылусыз қалды

Sputnik
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Риддер тұрғындарының үйлерінде батарея қайтадан суыды. Әкімдік мұны жергілікті жылу электр орталығындағы төтенше жағдайға байланысты туындады деп түсіндірді.
"Риддер ЖЭО" АҚ-ның тікелей желілік суының температурасы 31 градусты құраған, деп жазады Noks.kz.

"Түнде жоғары қысымды қазандық апатты жағдайда өшіріліп, резервтік қазандық шұғыл іске қосылды. Жылу жүйесіндегі температура күні бойы көтеріледі", - деп хабарлады тұрғындарға Риддер қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Байжүменов.

Дұрыс күтіп ұстамағандықтан, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріне қауіп төнетін болса, биыл мемлекетке энергетикалық нысандарды меншіктен шығаруға заңды тұрғыдан құқық беріледі, деп мәлімдеген премьер-министр Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ ол өткен қыста жылу-энергетика саласында қордаланып қалған көптеген мәселе анықталғанын атап өтті. Атап айтқанда, Екібастұз, Рудный және Риддер қалаларында халықты жылумен қамту бойынша бурқатар қиын жағдай болды.
Өңірлер
Батарея жарылған: Екібастұзда ерлі-зайыпты тоқ соғып көз жұмды