АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Петропавл қаласында "Халық кеңесі" тобының үш белсендісі сепаратизм үшін айыпталып, уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратураның қылмыстық қудалау басқармасының бас прокуроры Максим Доровик мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
30 наурызда "Халық кеңесі" тобына қатысушылардың жиналысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оларды сепаратизм үшін айыптады.
"Сол күні облыс прокуратурасының нұсқауы бойынша Ұлтық қауіпсіздік комитеті департаментінің, полиция департаментінің, экономикалық тергеу департаментінің, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды. Процестік прокурорлар тағайындалды", - деді Доровик бүгінгі брифингте.
Тергеу материалдарына сәйкес, 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында "Халық кеңесі" тобына қатысушылар жиналған. Жиынға облыс орталығының 20 тұрғыны келді. Олар "өздерін Кеңес социалистік республикалар одағының ізбасарлары" деп жариялады.
"Жиналыс барысында олар Қазақстан Республикасынан тәуелсіз Петропавл қаласының Халық Кеңесін құру туралы тілектерін білдірген және "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халық Кеңесі Декларациясын" қабылдаған. Онда олар Қазақстанның мемлекет құру заңдылығын және легитимділігін мойындамаған. Оның Конституциялық құрылысын бұзуға қол сұға отыра, тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жоққа шығарып отыр", - деп атап көрсетті бас прокурор.
Сотқа дейінгі тергеу барысында әртүрлі сараптамалық зерттеулер де жасалды. Саясаттанушылар мен басқа да мамандардың қатысуымен комиссиялық сот психологиялық-филологиялық сараптама да өткізілді. Оған сәйкес, сепаратизм белгілері анықталды.
"Қылмыстық істің жиналған материалдары негізінде "Халықтық кеңестің" үш мүшесінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған", - дейді Доровик.
Қазіргі кезде топтың үш белсендісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айып тағылған бапта 10 жылға дейін бас бостандығынын айыру жазасы қарастырылған. Қазіргі кезде тергеу шаралары жалғасып жатыр. Жиналысқа қатысқан басқа да тұлғаларға қатысты объективті және жан-жақты құқықтық баға беріледі.
Олардың ішінде кәмелет жасқа толмаған қыз да болды. Оны анасы алып келді. Колледж басшылығы заңсыз жиналыс үшін жауапқа тартылмайды. Себебі жиын өткен бөлме хабарландыру арқылы жалға берілді. Басшылық адамдардың не үшін жиналғанын білмеді. Ұсталған адамдар міндетті түрде психиатриялық сараптамадан өтеді.