АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Астанада Subaru автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, ілеспе бағытта келе жатқан Howo жүк көлігімен соқтығысты.
Оқиға 18 сәуір Тілендиев даңғылында болды, деп хабарлады Polisia.kz.
Жол апаты салдарынан Subaru жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
Тексеру барысында Subaru автокөлігінің айдап әкетілгені анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазақстан Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.