АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. 19 сәуірде мемлекет басшысының төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтеді.
Жиынға премьер-министр, парламент палаталарының спикерлері, президентке тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдер қатысады.
Басқосуда үкімет мүшелері, сенат пен мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары да болады.
Басқосуда үкімет мүшелері, сенат пен мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары да болады.