Африкалық екі бойжеткеннің фотопортреті "Мінсіз сұлулық" деп аталады. Сурет авторы Черейн Коллетт осы туынды арқылы Африка елдеріндегі альбиностардың мәселесіне назар аударуға шақырады. Сурет байқаудың бас жүлдесін иеленді
"Биікке ұшқандар". Майкл Филс түсірген суреттер топтамасы. Суретте: Венадағы көпірде ілулі тұрған гимнаст қыздың өнер көрсетуі
Фотограф Маттиас Ланге Флейт Хенне өз бақшасындағы гүлдерді суретке түсіріп, кәсіби санат бойынша жеңімпаз атанды
Фотограф Пэтти Махер өз үйінің жанында орналасқан ескі көліктерді әсерлі етіп суретке түсірді
Мариупольде жасалған суреттер топтамасы үшін Габриэле Микалицци "Фотожурналистиканың ішкі келбеті" атты санат бойынша ең үздік атанды. Габриэле қақтығысты Ресей тарапынан бақылаған санаулы фототілшілердің бірі
Кәсіби санатта Николас Бигот жеңімпаз деп танылды. Ол өзінің "Концептуалды цифрлық руханият" атты еңбегінде йога, робототехника және жасанды интеллектінің рухани тәжірибесін біріктірді
"Эксперименттік негізгі шамалар" – Грег Уайттың ерекше туындысы. Ол креативті фотографиялық техникаларды қолданатын жұмыстар топтамасы үшін кәсіби санаттағы жүлдені жеңіп алды
Осы номинациядағы тағы бір жеңімпаз - Эстер Бланкестайн. Қазылар алқасы оның тропикалық құстармен жасалған классикалық натюрмортына жоғары баға берді
Жапонияда түсірілген "Мобильді қасиетті ағындар" атты сурет. Авторы Шинья Итахана кәсіби санаттағы үздіктердің бірі болып танылды
"Сән қорқынышты жояды" атты суретпен Карлос Гамес де Франсиско кәсіби санатта жеңімпаз атанды. Ол сәнді киімдердің орнына үйдегі табылған перде, дастархан, төсек жапқыш, полиэтилен пакет, киім қыстырғыш және тот баспайтын болаттан жасалған ыдыс жуғыш құралдары сынды қарапайым заттарды пайдаланып, қарапайым кубалықтарды суретке түсірді
"Фотоманипуляция" кәсіби санатында Кассио Шольц жеңімпаз атанды. "Қаладағы серуен" атты суреттер топтамасы фотографқа жеңіс әкелді
Фотограф Джастин Памфри түсірген "Түнгі пойыз" атты сурет
"Арман шаттығы" – Мати Гельман өзінің "шығармашылық трансын" осы сипатта көре білген
"Жабайы табиғат" кәсіпқой санатында 5 жыл бойы аққуларды түсіріп жүрген Питер Чех үздік атанды
Оңтүстік Африкадf фотографы Миша Серраф түсірген "Чипоко пейзажы" атты сурет. "Чипоко" – адамның жанын немесе рухын білдіреді және мұнда ол түрлі мүсінде бейнеленген
Марлена Вельс "Кәсіпқой" санатында жеңімпаз атанды. Қазылар алқасы оның "Өзіңе саяхат" атты шығармалар топтамасын жоғары бағалады
"Теңіз пейзажы" кәсіби санатында Фрэнк Питерс жеңімпаз атанды. Ол Данияның Борнхольм аралында серуендеп жүргенде бұлттардың арасында қалқып тұрғандай әсер қалдыратын жағалаудың суретін түсірген
"Көше көрермендері" кәсіпқой санатында Никола Фиораванти үздік атанды
"Бұлтты қала архитектурасы" кәсіби санатында Даниэле Чераволо жеңімпаз атанды. Фото Италияның оңтүстігінде, Базиликата аймағында орналасқан Ротонделла шағын ауылында дронмен түсірілген
"Торлар лабиринтінде" – Хильда Чампион өз жұмысын осылай атады