Жаңаөзен қаласында газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

Sputnik
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Жаңаөзен қаласында газ баллоны жарылып, 11 адам зардап шекті, деп хабарлайд төтенше жағдайлар министрлігі.
"Бүгін, 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылысы орын алды. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған. Оқиға орнында өрт орын алған жоқ", - делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп - салдары анықталуда.
Оқиға орнындаңы жедел, үйіндінің арасын ашу жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы және кинологиялық есептоп, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдары жұмылдырылды.