Қоғам

Республикалық тас жолдардың 15 учаскесінде қозғалыс шектелді

Sputnik
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Республикалық трассалардың 15 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Қазавтожол.
Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. 14 сәуірден бастап жолшылар шамамен 2 мың м3 көктайғаққа қарсы материал пайдаланған.
"Дәл қазіргі сәтте ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 15 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.
Республикалық желіде 500 бірлік арнайы жұмыс істеп жатыр.
Өткен тәулікте қар құрсауынан 65 көлік шығарылды.