Қарағандыда рөлдегі әрекетін видеоға түсірген жүргізуші ұсталды

Sputnik
.АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Қарағандыда полицейлер өзінің құқық бұзу әрекетін бейнекамераға түсірген жүргізушіні анықтады.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында жол жүру ережесін өрескел бұзған жүргізушінің бейнежазбасы анықталды.
Жүргізушінің кім екенін анықтау мақсатында облыстың патрульдік полиция полкінің жеке құрамына бағдар берілді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны анықталды.
Оған қатысты хаттама толтырылып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.
Ал жүргізушінің әлеуметтік желісінде полиция формасымен тұрған суреті фотошоп арқылы жасалғаны анықталды.