Коронавирус жұқтырған екі адамның жағдайы ауыр

Sputnik
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Өткен тәулікте елімізде 31 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
"17 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 829 адам коронавирус инфекциясынан (–1 645+ және 184 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 184 пациент стационарда, 1 645 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда", - делінген хабарламада.
Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр.