Ауғанстанға Қазақстаннан гуманитарлық көмек жеткізілді

Sputnik
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин гуманитарлық және сауда миссиясымен Кабулға барды.
Дәрі-дәрмек қораптары әуе жолы арқылы жеткізілді. Жалпы көлемі 5 403 тоннаны құрайтын (81 вагон) негізгі гуманитарлық жүк теміржол көлігімен жеткізілді.
Ауғанстанға Қазақстаннан гуманитарлық көмек жеткізілді
Гуманитарлық көмек азық-түлік өнімдерінен (сүт консервілері, өсімдік майы, ұн, қарақұмық) тұрады.
"Президент тапсырмасы бойынша біз Қазақстан халқы атынан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізу үшін келдік. Біздің гуманитарлық миссиямыз қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келіп отыр. Осынау мұсылмдандар үшін берекелі уақытта баршаға бейбітшілік пен тыныштық тілейміз", — деді Серік Жұманғарин.
Ауғанстанға сапары аясында Серік Жұманғарин сауда және өнеркәсіп, сыртқы істер, байланыс және телекоммуникация министрлерінің міндетін атқарушы, вице-премьер м.а. Абдул Гани Барадармен кездесті.