АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін қалалық білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушыларын қашықтан оқыту форматына ауыстырған болатын. Бүгін екінші ауысым мен колледж студенттерін де онлайн форматқа ауыстыруға шешім қабылданды.
"2023 жылдың 17 сәуір күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген ресми хабарламада.