Семейде оқушы қызды сыныптастары соққыға жықты – полиция тергеуді бастады

Sputnik
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Семей қаласында оқушы қызды соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде мектептердің бірінде болған оқиға анықталған. Оқушылар өз сыныптасын соққыға жыққан. Полиция бұл оқиғаның 10 сәуір күні болғанын анықтады. Оған қатысқан барлық оқушы табылды.
Жанжалдың барлық қатысушысы анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазір ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу жүргізіліп жатыр.
15 сәуір күні осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетері, мұндай қылмыс үшін 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 900 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал адамдар тобымен жасалған әрекет үшін жаза бұдан да қатаң болады.
Қызылорда мектебіндегі төбелестен кейін директордың екі орынбасары қызметінен босатылды