Өңірлер

"Екібастұзда тағы жылу жоқ": қала әкім халық наразылығына жауап берді

Sputnik
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Екібастұз қаласының тұрғындары тағы наразылық білдірді. Ауа райы күрт суып кетті, үйлер жылынбай жатыр, батарея суық. Қала әкімі халықтың наразылығына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кешеден бері әлеуметтік желіде қала тұрғындары жылусыз отырғанын жазып жатыр. Ыстық су да жоқ. Тұрғындардың біреуі қала әкімі Аян Бейсекиннің өзіне жазғанын, бірақ жауабына қанағаттанбай отырғанын мәлімдеді.

"Сіз жеке парақшада менің сұрағыма жауап бердіңіз. ЖЭС баяу жұмыс істеп жатқанын және температураны көтеру үшін тағы бір қазандықты қосуға кіріскенін айттыңыз. Бірақ 16 сәуір болды. Батарея мұз болып тұр ғой", - деп жазды қала тұрғыны.

Егде жастағы адамдар қалай амалдап жатқанын көрсін деп, қала басшысын қонаққа шақырды.
Оның айтуынша, жылу маусымы аяқталған күннің өзінде ауа райына қарай станция жұмысын реттеп отыруға болады. Басшылық күннің суып кетенінін алдын ала білген. Қазгидромент болжамын жариялады.
Ал Екібастұз жылу электр станциясының парақшасында үш қазандықтың істеп тұрғаны жазылған. Күн суып кеткеннен кейін төртінші қазандықты жағуға кірісті. Мамандар түнде батареядағы температураны көтеруді жоспарлаған. Алайда жылу сезілмейді.
Қала әкімі Аян Бейсекиннің өзі өкініш білдіріп, жағдайдың қиын екенін ашық айтты.
"Өкінішке қарай, станция маусымаралық жөндеу режимінде жұмыс істеп тұр", - деп жауап берді Бейсекин бір қала тұрғынына.
Оның сөзіне қарағанда, жылу электр станциясында төрт қазандық жұмыс істеп жатыр. Ал басшылық температураны көтеруге тырысып отыр.
"Ашығын айтсақ, барлық құрал-жабдықты күрделі жөндеуден өткізбесек, температуралық параметрлерді қажетті деңгейге жеткізу мүмкін емес. Біз алдағы жөндеу жұмыстарының жоспарын әзірледік", - дейді қала басшысы.
Алайда қала тұрғындары әкім жауабына қанағаттанып отырған жоқ.
Өңірлер
Батарея жарылған: Екібастұзда ерлі-зайыпты тоқ соғып көз жұмды