Алматыдан 43 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Sputnik
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Астана уақыты бойынша сағат 08.55-те жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 43 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасты.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.2. Магнитудасы – 3,8. Тереңдігі – 5 шақырым.
16 сәуірде Астана уақытымен таңғы сағат 07.40-та тағы бір жер сілкінісі болды. Оның ошағы Алматыдан шығысқа қарай 325 шақырым жерде Қытай мен Қазақстан шекарасында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.0. Магнитудасы – 4.0. Тереңдігі – 15 шақырым.
Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды