АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Билли Джин Кинг кубогы үшін теннистен әлем чемпионатында Елена Рабакина қарсыласын жеңіп, Қазақстан құрамасын финалға мерзімінен бұрын шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Рыбакина әлемнің 19-шы ракеткасы Магда Линеттпен кездесті. Бірінші сетте қарсыласы үнемі бір ұпаймен (1:2, 2:3, 3:4) алға шығып отырды.
Алайда Елена әлемдік рейтингтегі дәрежесін (7-орын) тағы бір мәрте көрсете білді, партияның нәтижесі - 6:4. Ал екінші сет те Рыбакинаның пайдасына шешілді. Есеп – 6:2.
Осылайша, Юлия Путинцева мен Вероника Фальковская арасындағы матч өтпейтін болды. Себебі Қазақстан құрамасы финалға мерзімінен бұрын шықты.
Дегенмен, Анна Данилина/Гозаль Айнитдинова - Алисия Росольска/Вероника Фальковская арасындағы жұптық кездесу ұйымдастырылады.