Астанада пойыздан түсетіндерді үйге дейін апарып тастайды – ҚТЖ жаңа қызметті ұсынды

Sputnik
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" компаниясы Астанада Нұрлы жол теміржол вокзалынан үйге дейін жайлы шағын автобуспен жеткізу қызметін пилоттық режимде іске қосты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстан теміржолы" компаниясына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, "пойыз + автобус" жобасы интермодальды тасымалдау қызметін (жолаушыларды көліктің бірнеше түрімен тасымалдау) дамытуды көздейді.
"Қазіргі уақытта қызметті 3/4 "Алматы-Астана" жолаушылар пойызының жолаушылары пайдалана алады. Ол үшін жолаушылар вагондарындағы QR кодын сканерлеп, қажетті мекен-жайды көрсетіп, қызметке ақы төлеу жеткілікті", - дейді компания мамандары.
Сондай-ақ, жолаушылар веб-сайт арқылы вокзалдан үйге дейінгі трансферді өз бетінше сатып ала алады.
Жолаушылардың барынша жайлылығы үшін автокөлік "Нұрлы жол" теміржол вокзал кешенінің пандусында күтіп тұратын болады.