АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Ақтау қаласында полицей кабинетте отырған қарамағындағы қызметкерді соққыға жықты. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Видеода полицейді соққыға жыққан адамның Маңғыстау облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы қызметін атқарып жүргені жазылған.
Облыстық полиция департаменті қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.
"Маңғыстау облысы полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының жеке құрам бойынша инспекциясы қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіп жатыр", - делінген ресми хабарламада.