АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. "Астана-Петропавл" тас жолының Астана қаласынан Щучье қаласына дейінгі аралығы жабылды, деп хабарлады "Қазавтожол".
"Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, қар, көктайғақ) "Астана-Петропавл" тас жолының Астана қаласынан Щучье қаласына дейінгі аралығы автокөліктің барлық түрі үшін жабық", - делінген компанияның хабарламасында.
Астана – Бурабай тас жолында да боран соғып тұр. Әлеуметтік желіде жолаушылар түсірген видеолар тарап жатыр.