Елорда полицейлері жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырды

Sputnik
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Елорда полицейлері жүргізушілерді ауа райының нашарлауына байланысты жолда сақ болуға шақырды, деп хабарлады Polisia.kz.
Полицейлердің мәліметінше, Астанада ауа температурасы күрт төмендеп, жаңбыр жауады, соңы қарға ұласады, сонымен қатар көктайғақ болады.
"Осыған байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, рұқсат етілген жылдамдықты қатаң сақтауды, кілт тоқтамауды, қашықтық пен бүйір қашықтықты сақтауды, жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз. Ауа райының күрделі жағдайын ескере отырып, қала сыртындағы ұзақ сапарлардан бас тартуды ұсынамыз. Мүмкін болса, балама көлік түрін пайдаланыңыз", - делінген хабарламада.
Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де ерекше сақ болуы керек.
Қар, көктайғақ: "Астана-Петропавл" тас жолының бір бөлігі жабылды