Бірқатар облыста жанармайды елден шығаруға тырысқан жүргізушілер анықталды

Sputnik
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Жамбыл және Түркістан облыстарында жанар-жағармайды елден тыс жерлерге әкетуге жол бермеу бойынша рейд жүргізілуде, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері тиісті рұқсатсыз қосымша жанармай бактарын орнатқан көлік жүргізушілерін анықтауға ерекше назар аударады.
"Бұл құқық бұзушылық үшін Әкімшілік кодекстің 590-бабының 7-бөлігі бойынша жауапкершілік қарастырылады. Іс-шараның үш күнінде осындай құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 57 жүргізуші жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, 21-ші әкімшілік материал бойынша көлік құралдарын одан әрі пайдалануға тыйым салынды.