Жаңаөзенді шаңды дауыл басты

Sputnik
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Жаңаөзен тұрғындары қаланы басып қалған шаңды дауылдывидеоға түсіріп алды.
Қазгидромет метеорологиялық қызметі 13 сәуірде өңірде желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жететінін хабарлады.
Осы жылдың ақпан айында Маңғыстауда шаңды дауыл кезінде жаппай жол апаты болды – 8 көлік соқтығысты. Куәгерлердің хабарлауынша, дауыл салдарынан жол мүлдем көрінбей қалған.