АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында ерлі-зайыптылар үшін "Neke tour" байқауы жарияланды, деп хабарлайды облыстық мәдениет және туризм басқармасы.
Байқау "Shanyraq", "Махаббат", "Ару" және "Жанұя" атты 4 номинация бойынша өтеді.
Байқау шарттары бойынша, 3-9 сәуір аралығында ерлі-зайыпты жұптар neke-turkistan.kz порталы арқылы қатысуға онлайн-өтінім жолдады. Енді байқау комиссиясы Түркістанға барып, неке қию рәсімінен өтіп, сондай-ақ тақырыптық фотосессияға қатыса алатын 15 жұпты анықтауы керек.
Жеңімпаз жұптар үшін қосымша тегін рейс, қонақүй және романтикалық кешкі ас ұйымдастырылады. Сондай-ақ жас жұбайларға Түркістанның көрікті жерлерін аралап, қала бойынша тегін экскурсия ұйымдастырылады.
Байқау ұйымдастырылған кезеңде қатысуға Қазақстанның барлық өңірінен дерлік 345 жұп өтінім таңдалды.
"Байқау туралы естіп, көптеген ерлі-зайыпты жұп қатысуға өтінім жіберді. Мұндай белсенділік жастардың өз халқының мәдени және рухани құндылығына деген құрметі, сол салт-дәстүрмен өмір сүруге деген құлшынысы байқалады. Неке қию рәсімінің қасиетті мән-мағынасы баянды әрі бақытты отбасылық өмірге жақсы негіз болады", – дейді ұйымдастырушылар.
"Neke tour" байқауының жеңімпаздары Қазақстанда XIII–XIV ғасырлардағы қазақ эпосының кейіпкерлері – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға арналған ғашықтар күні 15 сәуірде жарияланады.
Байқау нәтижесі ұймдастырушының @_openturkistan_ парақшасында жарияланады.
Іс-шараны туристік-ақпараттық орталығы мен облыстық мәдениет және туризм басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.