Павлодарда бүлдіршін 9-қабаттан құлап кетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Павлодарда 3 жасар бүлдіршін 9-шы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жедел-жәрдем қызметіне сағат 18:32 шамасында шақырту түскен.
"Оқиға орнына үш минутта жеткен дәрігерлер бүлдіршіннің өмірі үшін қанша жанталасқанымен, аман алып қалу мүмкін болмады. Баланың биологиялық өлімі анықталды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Полиция сараптама жасалатынын айтты.
"Оқиға 2023 жылдың 12 сәуірінде Павлодар қаласының Толстой көшесінде болды. Бұл факт полиция департаментінде тіркелді. Сот-медициналық сараптама жасалады, оның нәтижесі бойынша іс жүргізуге шешім қабылданады", - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.