Экономика

Министрлік Каспий құбыр консорциумында мұнай қабылдау неге тоқтатылғанын түсіндірді

Sputnik
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумында мұнай жөнелту мен қабылдаудың тоқтап қалуына байланысты түсініктеме берді.
"ҚР Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы жоспарлы жөндеуге 72 сағатқа тоқтатылғанын хабарлайды. Тоқтату алдын-ала жарияланған кесте бойынша жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Бүгін Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы 10 сәуірден бастап жоспарлы жұмыстарға байланысты мұнай жөнелту мен резервуарлық паркке мұнай қабылдауды тоқтатқаны белгілі болды.