АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. 26 сәуірде Алматы-2 станциясынан "Саламатты Қазақстан" пойызы жолға шығып, 6 желтоқсанға дейін қатынайтын болады, деп хабарлайды Қазақстан теміржолы.
Денсаулық пойыздары шалғайдағы станция тұрғындарына жоғары білікті медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.
Шалғайдағы станция тұрғындары қайтадан білікті мамандардан: терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог, педиатр мен басқа да мамандарда тегін тексеру мен емдеуден өтуге мүмкіндік алады.
Пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, интернетке сымсыз қол жеткізуге арналған байланыс құралдарымен жабдықталады.