АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Алматылық дәрігерлер науқастың ішінен салмағы 2 келіден асатын ісікті алып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Қалалық жедел жәрдем ауруханасына 52 жастағы түскен. Ер адам іш қуысындағы аурушаңдық пен ауырлық пайда болғанын айтты. Ал бір жыл бұрын іші үлкейе бастады. Бірақ осы уақытқа дейін ыңғайсыздық пен ауырсыну сезілмепті. Сол себепті медициналық тексеріске бірден бармаған. Компьютерлік томография науқастың ішінде үлкен ісік анықталды.
Алматылық дәрігерлер науқастың ішінен салмағы 2 келіден асатын ісікті алып шықты
© Photo
Консилиумде ер адамға ота жасауға шешім қабылданды. Екі келіден асатын ісікті алып шығуға 2,5 сағаттан астам уақыт кетті. Ота жасау бөлімінің меңгерушісі Нұркен Желдібаевтің айтуынша, іш қуысынан тыс кеңістікте орналасқан ісік барлық орган мен ішекті оң жаққа ығыстырып, іштің тең жартысын алып жатты.
"Операцияның күрделілігі түзілімнің іш қуысынан тыс кеңістікте орналасып, шап аймағына өтіп кеткенінде болды. Мұнда түзілімді тұтас алып шығару маңызды екенін айтып өту керек. Сондықтан біз шап аймағынан қосымша тілік жасап, сан артериясының жанынан санның жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін өттік. Оның үстіне түзілім шекаралары аортаға жақын жатып, сол жақ бүйректің шекарасы және несепағардың бойымен кеткен. Бұл өте қауіпті болды", - дейді Нұркен Желдібаев.
Ісік 25-30 сантиметрге дейін өсіп кетті. Ал салмағы 2,240 келіге жеткен. 7 күннен соң науқас үйге шығарылды.
Дәрігерлер ағзадағы кез келген өзгерістер кезінде медициналық тексерістен өтуге кеңес беріп отыр.