Министрлік Сарышағанда ресейлік зымыранды сынақтан өткізуге қатысты түсініктеме берді

Sputnik
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Қорғаныс министрлігі ресейлік зымыранды сынақтан өткізуге қатысты түсініктеме берді.
"12 сәуірде Ресей Сарышаған полигонында шартты нысанаға стратегиялық мақсаттағы зымыранын сынақтан өткізді. Оны іске қосу қазақстандық тараппен келісім бойынша жоспарлы түрде жүргізілді. Бұл ретте зымыран негізінен қатты отынды және жойғыш бөліктен тұрмайды", - делінген ресми мәлімдемеде.
Зымыранды жіберудің мақсаты - оның ұшу траекториясын бағалау.
"Жұмыстарды жүргізу барысында қауіпсіздік шаралары сақталды. Одан Қазақстан халқына және қоршаған ортаға қауіп төнген жоқ", - деп жазылған қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта.
Еске салсақ, Сарышаған полигонын Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында жасалған халықаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес, Ресей Федерациясы жалға алған.