Астанада ереуілдеген бес жаңаөзендік жауапкершілікке тартылды – Бас прокуратура

Sputnik
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев кеше Жаңаөзеннен елордаға келген 126 ереуілші мұнайшының ұсталғанын және босатылғанын айтты.
"Бесеуі ескертумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл ескерту – рұқсат етілмеген наразылық акциясына қатысқаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік", - деп нақтылады Бас прокурордың орынбасары парламент мәжілісінің кулуарында.
Бұл бап ескерту немесе 30 АЕК айыппұл салу түріндегі жазаны қарастырады. Мұнай сервистік компаниясының бұрынғы бес қызметкеріне ескерту түріндегі жазалау шарасы қолданылды.
"Кешегі жағдайға қатысты айтатын болсақ, энергетика министрлігінің, сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" және ішкі істер органдарының өкілдері бұл жағдай туралы толыққанды ақпараттандырылмаған", - деп толықтырды ол.
Елордада наразылық білдірген мұнайшылар жерлестерін бейбіт түрде тарауға шақырып, үйіне пойызбен қайтты. Бұл туралы бейнежазбаны бастамашыл топ өкілдері әлеуметтік желіде жариялады.
"Қазмұнайгаз" мұнай сервистік компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің құқықтық мәселесін шешу үшін арнайы жұмыс комиссиясы құрылды.