Армения мен Әзербайжан шекарасында қақтығыс болды: қаза тапқандар бар

Ереван Бакуді Арменияның аумақтық тұтастығына тағы да қол сұғушылық жасады деп айыптады
Sputnik
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Армения мен Әзербайжан шекарасында әскери қақтығыс болды. Екі жақтан да қаза тапқандар бар, деп хабарлады РИА Новости.
Екі елдің әскери ведомстволары шекараға жақын Горис және Лачин қалаларының арасында орналасқан Тех ауылы аумағында болған оқиғаға байланысты бірін-бірі айыптап отыр.
Әзербайжан қорғаныс министрлігі үш сарбаздың қаза тапқанын, ал Арменияның қорғаныс министрлігі төрт әскери өліп, алтауы жараланғанын хабарлады.
Армения сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, әзербайжандық әскери қызметшілер шекарадағы әскерді орналастыру пункттерін түзетеміз деген желеумен армян әскерилеріне жақындаған, содан кейін оқ жаудырған.
Арменияның әскерилері жауап қайтарып, ел аумағын қорғады, деп атап өтті сыртқы саяси ведомство.
Армения ҰҚШҰ-дан көмек сұрады – ұйым хатшылығы жауап берді