Өңірлер

Ақтауда ауызашарға барған 16 дәрігер уланды

Sputnik
АСТАНА, 12 сәуір - Sputnik. Ақтау мейрамханаларының біріне ауызашарға барған 16 дәрігер уланып қалды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
10 сәуірде қала, аудандық емдеу мекемелерінің дәрігерлері ауызашарға шақырылған. Барлығы 50 адам барған. Маңғыстау облыстық көпбейінді аурухананың жұқпалы аурулар бөлімі мамандарының мәліметінше, 16 адам шағымданған. Алты адам амбулаториялық емге жіберілсе, 10 дәрігер ауруханада ем алып жатыр.
"Науқастарда жоғары дене қызу, құсу, іш өту, жедел ішек инфекциясына тән интоксикация синдромы болған. Барлық қажетті шара қолданылып, емдеу жүргізіліп жатыр. Ешқандай қауіп жоқ, науқастардың жағдайы тұрақты, температурасы бірқалыпты, динамикасы оң", - деді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Гүлбану Нұржанова.
Олар шағыммен барған кезде қан қысымы төмен болған, инфузионды терапиядан кейін жағдайлары жақсарған.
Өңірлер
Алматы облысында ауызашарда отырған жұрт баспанасын тастап қашты