Жылу электр орталықтары бойынша жол картасы әзірленеді

Sputnik
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Еліміздегі 37 ЖЭО бойынша әкімдіктермен бірлесіп алдағы жылыту маусымына дайындалу үшін Жол картасы әзірленеді. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, министрлік электр станцияларының техникалық аудитін аяқтаған. Негізгі көрсеткіштер бойынша рейтинг жасалды: тозу, негізгі жабдықтың жарамдық мерзімі, отын шығынының үлестік көрсеткіштері, персоналдың жинақталуы, пайдалы әсер коэффициенті, технологиялық бұзушылықтар және жөндеу бағдарламаларын орындау.
"KPMG Үндістанның халықаралық кеңесшілері барлық электр станциясына барды. Қазіргі уақытта қаржылық есеп қалыптастырылуда және әрі қарайғы іс-қимыл бойынша материалдар дайындалуда. Көрсетілген критерийлер бойынша электр станциялары рейтинг бойынша бөлінеді. Барлық 37 жылу орталығы бойынша әкімдіктермен бірлесіп алдағы жылыту маусымына дайындалу үшін Жол картасы құрылады. Олар министрліктің бақылауында болады", - деді Сәтқалиев үкімет отырысында.
Жүйелік оператор бекіткен кестеге сәйкес электр станцияларында биыл 10 энергоблокты, 49 қазандықты және 54 турбинаны жөндеу жоспарланып отыр.
"Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары 1 энергоблокта, 2 қазандықта және 3 турбинада жүргізілуде. Қарағанды, Маңғыстау облыстарында электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу мерзімі сақталмағанын атап өтеміз", - деді министр.
Сонымен қатар жалпы ұзындығы 25 мың шақырым электр беру желілерін, сондай-ақ 564 жоғары вольтті қосалқы станцияларды жөндеу жоспарланған. Электр желілерін жөндеу мамыр айында бекітілген кестеге сәйкес басталады.