Жаңаөзендік жұмысшылардың Астанадағы ереуілі: таңертеңгі жағдай

Sputnik
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Елордаға Жаңаөзеннен дүйсенбі күні келген жұмысшылар "Қазмұнайгаз" ғимаратының жанындағы Дөңгелек алаңда түнеп шықты.
Жаңаөзендік жұмысшылардың Астанадағы ереуілі: таңертеңгі жағдай
Сейсенбі күні таңертең ереуілшілерге тағы бір топ адам қосылды, қазір олардың саны 150-ге жуықтады. Мұнайшылар аутсорсинг келісімшартының орнына, үш жылға еңбек шартын жасасып, демалысқа шығуға мүмкіндік беруді талап етіп жатыр.
Жаңаөзендік жұмысшылардың Астанадағы ереуілі: таңертеңгі жағдай
Тәртіп сақшылары оқиға орнында кезекшілікте тұр.
Жаңаөзендік жұмысшылардың Астанадағы ереуілі: таңертеңгі жағдай
Кеше Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанына Жаңаөзеннен келген 60-70-ке жуық адам жиналды. Наразы топ "ӨзенМұнайГаз" АҚ үшін мұнай сервистік қызмет көрсету бойынша тендерде жеңіліп қалған "БерАли Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері. "ҚазМұнайГаздың" хабарлауынша, оларға 1500 доллар жалақы төлейтін басқа компанияға ауысуды ұсынған, бірақ олар бас тартқан.