Семейде интернат оқушысы қайтыс болды

Sputnik
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Семей қаласында мектеп-интернатта жасөспірім тамаққа қақалып қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық білім басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 7 сәуірде түскі ас кезінде болған. 6 мектеп-интернатының 13 жастағы оқушысы есінен танып қалды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жедел жәрдем де шақырылды. Алайда бала дәрігерлерге келгенше қайтыс болды.
Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жасөспірімнің тыныс алу жолдарына тамақ тұрып қалған. Содан механикалық асфиксия болды, бала ауа жетпей, тұншығып қалды.
"2016 жылы 13 қаңтардағы Семей қаласының психологиялық-медициналық қорытындысы бойынша "ақыл-ойдың жеңіл кемтарлығы" диагнозымен интернатқа қабылданған болатын. Дүйсенбіден жұмаға дейін мектепте тұрып оқыды. Ал демалыс күндері анасы үйіне алып кетіп жүрген", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде полиция адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.