Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды

Sputnik
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Қазақстан аумағында 15 шақырым тереңдікте жерасты дүмпулері тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым жерде орналасқан.
Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция мәліметі бойынша, магнитудасы 4,6 баллды құрады.
Ведомстводағылар жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат жоқ екенін хабарлады.