АЛМАТЫ, 11 сәуір - Sputnik. Астанаға келіп, энергетика министрлігінің алдында ереуілдеген жаңаөзендік мұнайшыларды полиция ұстап әкетті.
Арнайы жасақ министрлік алдында түнеген жаңаөзендіктерді бірер минутта автобусқа тиеп үлгерді. Коммуналдық қызмет олардан қалған заттарды жинап жатыр.
Ереуілшілерді ұстау сәті әлеуметтік желіде тарады.
Жерлестерін қолдау үшін Жаңаөзен тұрғындары жергілікті әкімдік алдына жиналды. Олар ұсталғандарды босатуды талап етуде.
Еcке сала кетсек, кеше Жаңаөзен жұмысшылары Астанада наразылық акциясына шықты. Энергетика министрлігі ғимаратының жанына 60-70 адам жиналды. Ереуілшілер "Өзенмұнайгаз" АҚ штатына жұмысқа орналастыруды талап етті.