Ақтөбеде пәтерден екі адамның мәйіті табылды: күдікті қамауға алынды

Sputnik
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласында анасы мен ұлын өлтірді деген күдікке ілінген адам ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлады "Астана" арнасы.
Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы қабылданған. Ол 31 мамырға дейін жалғасады.
Еске салсақ, 29 наурыз күні сағат 5:30-да "102" телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен екі мәйіт табылғаны туралы хабар түскен.
Жедел тергеу тобы пәтерден зорлықпен өлтірілген 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлының мәйітін тапты. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ақтөбеде әйелді ұлымен бірге пышақтап өлтірді – жасөспірім қыз тірі қалды